Дәріханаларды тексеру күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәріханаларды тексеру күшейеді

19.12.2018

Бүгін Парламент Сенатында арнайы заң жобасын таныстырған Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой осылай деді. Министрлік осы құжат аясында дәрі-дәрмекті рецептісіз берумен күреске бүкіл қоғамды тартуды көздеп отыр. Яғни, тәуелсіз ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алып, дәріханаларды тексеруге және қандай да бір заңсыз әрекеттерге тосқауыл бола алады. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек өндіруші компаниялардың кейбір дәрігерлермен ымыраласып, науқастарға өз өнімдерін тықпалауы да тоқтатылуы тиіс. Оған таяуда енгізілетін дәрі-дәрмекті нарықта саудалаудың әдеп кодексі тыйым салады деп үміттеніп отыр. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Айталық, дәрі-дәрмектің рецептісіз сатылатындығын тексеру үшін 30 күн бұрын дәріханаға біз алдын ала ескертеміз. Тексеруге бір күн қалғанда тағы да құлағдар етуге міндеттіміз. Біздің мамандар тексеруге келген күні дәріхананың рецептісіз сатпайтындығы белгілі. Бітті, осыдан кейін аталған дәріхананың есігін 3 жылға дейін аша алмаймыз. Яғни, бұл пайдасыз жұмыс. Екіншіден, пациент шағым жасауы керек. Мұндай шағым да жоқ. Демек, бұл норма жұмыс істемей тұр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу