Қазақстандықтар жиі шалдығатын 5 ауру түрі аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар жиі шалдығатын 5 ауру түрі аталды

20.12.2018

Аймақтарда ең көп тарлаған топ-5 ауру аталды. Қазақстандықтардың дені қан қысымының көтерілуі, жүрек аурулары, қант диабеті, бронхит пен тамақтағы жемсауға шалдығады екен. Бұл туралы «Денсаулық» жобасының бір жылда атқарған жұмысын қорытындылау барысында белгілі болды. Биыл медициналық пойыз Алматыдан аттанып, Қазақстанның батыс өңіріне дейін жол жүрген екен. Жалпы, 9 аймақты аралап үлгерді. Осы уақыт ішінде дәрігерлерге 41360 адам қаралған. 67 мыңнан астам түрлі диагностика жасалып, 3000 шағын операция атқарылған. Жоба барысында 10 медициналық бригада жұмыс істеді. 

Диас Әзбергенов, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ Әлеуметтік жобалар қорының директоры:

- Жалпы, жобаны жүзеге асыруға 400 млн. теңгеден астам ақша бөлінген. Ол вагондарды жалға алу, дәрігерлердің тамақтары, спутниктік байланыс. 2010 жылдан бастап іске асып отыр. Келесі жылы да жобаны жалғастыру ойымыз бар.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу