Генетикалық зерттеу - дені сау ұрпақтың кепілі. Осылай деген дәрігерлер астаналықтарды тегін генетикалық зерттеу жасауға шақырады. Бұл басқалардан бұрын қыз-келіншектерге керек. Соңғы кездері туабітті ауруға шалдығатын сәбилер көбейіп барады. Бұған көбінде әйелдердің баланы жоспарламай көтере салуы және өзінің денсаулығына селсоқ қарауы себеп. Генетикалық зерттеу әсіресе, отбасы мүшелерінде тұқым қуалайтын дерт болған жағдайда таптырмас тәсіл. Егер әулетіңізде белгілі бір сырқат түрі жалғасып келе жатса, сізде дүниеге келетін сәбиіңізді одан аман алып қалу мүмкіндігі бар. Ол үшін дәрігерлер сізге және сол дертпен ауыратын науқасқа сараптама жасайды. Ары қарай өзіңізді бақылауға алады. Осы кезге дейін жасалып жүрген генетикалық зерттеулерде 5 пайыздық қана нәтижесіз көрсеткіш болған. Тегін генетикалық зерттеу қаладағы молекулярлы медициналық орталықта жасалады. Оған бүгін-ертең және қаңтар айының басында баруға болады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.