Қызылша ауруы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылша ауруы өршіп тұр

08.01.2019

Қыста көбінесе суық тию, тұмау сияқты аурулар өршитіні белгілі. Ал, биылғы қыста, нақтырақ айтсақ, соңғы 2-3 апта көлемінде республиканың әр өңіріндегі ағайыннан балаларының қызылша ауруымен ауруханаға жатып қалғанын естіп жүрміз. Ақмола облысында 50-ге тарта баладан қызылша ауруы анықталған. Олардың көпшілігі облыстың Сандықтау ауданында тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, дерттің басты себебі қызылшаға қарсы екпенің салынбағанынан екен. 22 балаға бір жасқа толмағандықтан қажетті екпе жасалмапты. Ал, 8 бүлдіршіннің ата-анасы екпеден бас тартқан. Сондай-ақ, қызылшаны 12 ересек адам жұқтырған. 2017-2018 жылғы кезеңдермен салыстырғанда тіркелген науқастар саны биыл көбірек. Сондықтан, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалып жатыр. 

Әсем Төлеубаева, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Жалпы 49 күдікті жағдайдың ішінде 35-і расталды, 11-і стационарлық ем қабылдауда.  Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенді түрде жүргізілді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу