Барлығы инфекциялық ауруханада ем алды. Қазір екеуі үйлеріне жіберілген. Бесеуі бір жасқа да толмаған. Сондықтан, оларға ауруға қарсы вакцина егілмейді. Басқа екеуінің ата-анасы балаларының денсаулық жағдайларын алға тартып, екпе алудан бас тартқан. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бірі қызылшаны Ақмола облысынан жұқтырып келген. Ақтөбеге келгесін, басқаларына жұққан. Облыста қызылшаға қарсы штаб та құрылды. Ал, былтыр өңірде бұл ауру мүлдем тіркелмеген.
Майра Нұрғалиева, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:
- Бесеуі стационарлы ем алып жүр. Екеуі үйлеріне жіберілді. Жағдайлары тұрақты. Бірінші ауырған бала Ақмола облысынан келген соң, басқаларына жұқтырғаны белгілі болды. Ата-аналарға айтарымыз, екпені уақытында алған дұрыс.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.