Жыл басынан бері елімізде 600-ге жуық адам қызылшамен ауырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері елімізде 600-ге жуық адам қызылшамен ауырған

17.01.2019

Жыл басталмай жатып елімізде 600-ге жуық адам қызылшамен ауырған. Басым көпшілігі Астанада тіркелді. 472 жағдай. Атырау, Шымкент, Алматы, Ақмола мен Түркістан облыстарында да осы  дертке шалдыққандар бар. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурумен ауырғандардың 76 пайызы кезінде вакцина алмағандар. 262 баланың екпе алуға жасы жетпеген, яғни, 1-ге толмаған сәбилер.

Алдағы уақытта екпені бөбектерге бұрынғыдай бір жасында емес, 9 айында салу жоспарланып отыр. 45 науқас баланың ата-аналары кезінде екпеден саналы түрде бас тартқан. Енді зардабын кішкентайлары көріп отыр. Сол себепті, дәрігерлер халық арасында насихат жұмыстарын барынша қарқынды жүргізбек. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу