2017 жылы өкпе дертіне шалдыққан балғындар саны 748 болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 681-ге түскен. «Бұл қауіпті аурулардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі», дейді еліміздің Бас пульмонолог дәрігері. Жалпы, туберкулезге қарсы вакцина екі рет салынады. Біріншісі сәбидің алғашқы үш күні ішінде, екіншісі алты жасында. Ал, манту сынамасы 5-6 жастағы балаларға жасалады. Егер оң нәтиже бермесе, ол баланың ағзасында туберкулезге қарсы иммунитет жоқ деген сөз. Сол себепті, оған қосымша иммунитет беру үшін тағы 6 жаста вакцина егіледі. Манту сынамасы - туберкулезді анықтаудың ең тиімді тәсілі. Егер алғашқы сынамадан кейін балада жайсыз өзгерістер пайда болса, оған бірден «өкпе дерті» деген диагноз қойылмайды. Тағы қосымша сынама жасалады. Ол адам ағзасында дерттің бар-жоғын нақты анықтайды.
Мәлік Әденов, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:
- Аллергиялық реакциясы көп болса, иммунитеті төмен болса, мантудың сынамасы нақты көрсетпеуі мүмкін. Сондай жағдайда мамандар қосалқы тексерулерді өткізеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.