Астана емханаларындағы кадр тапшылығы шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана емханаларындағы кадр тапшылығы шешіледі

15.02.2019

Бұл туралы бас қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз есебінде айтты. Қазір кез келген емханаға барсаңыз, жекелеген мамандарға басқа ауруханаларға бағыттап, қағаз береді. Ал, ол медициналық мекемеге қаланың жарты тұрғыны сіз сияқты анықтамамен баратындықтан, кезек айлап созылып кетеді. Астана тұрғындары да көбіне осы мәселені айтып, шағымданады екен.

Өткен жылы созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға дәрі жетіспеушілігі орын алған. «Биыл ондай келеңсіздік болмайды», - деді Қамалжан Надыров. Ал, кадр мәселесін реттестіруді емханалардың бас дәрігерлеріне тапсырды.

Қамалжан Надыров, - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 - Осы жылдан бастап бас дәрігерлермен келісімге отырдық. Оларға бірнеше талап қойдық. Онда кадр мәселесі де бар. Жаңа құжат бойынша емхана басшылары өздерінде маман тапшылығын болдырмау керек.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу