Петропавл облысында қызылша дерті өршіп барады. Соған орай нөмірі №43 мектеп пен Ақжар ауданындағы бір мектепте зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері 100-ден астам тұрғын осы дертке шалдыққан. Оның 14-і 1 жасқа толмаған сәби. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, қазіргі күні 35 науқас ауруханаға жатқызылса, 42-сі үйде емделуде. Дертке шалдыққандардың көбі вакцина егілмегендер, дені әлі уақыты келмеген немесе өз еркімен бас тартқан.
Нұрлан Айманов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Бәріне вакцина салына бермейді. Өзінің графигі бар, 1 жаста және 6 жаста. Қазір жүгіріп барып салғаннан, ауырып қалмайды деп айта алмайсың. Қазіргі күні облыста 1000-нан астам вакцина бар.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ