Алматыда жүрек қақпақшаларына операция жасауға арналған шеберлік сағаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүрек қақпақшаларына операция жасауға арналған шеберлік сағаты өтті

04.03.2019

Алматыда жүрек қақпақшаларына операция жасауға арналған шеберлік сағаты өтті. Онда әйгілі Литвадан арнайы келген білікті дәрігер Римантас Бенетис  операция жасаудағы өзіндік әдісін әріптестеріне көрсетті. Он мыңнан аса адамның жүрегіне ота жасаған кардиохирург қолқа қақпақшасын жасанды протезбен ауыстырудың жаңа жолдарын үйретті. Тікелей көрсетілімге негізделген шеберлік сағатында жас кардиологтар дәрігерге сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Компьютерлік технологияның көмегімен оқытудың бұл тәсілі - операцияны бір мезгілде жүздеген адамға үйретудің ең озық үлгісі.

Алмат Тұрысбекұлы, қалалық Кардиология орталығының директоры:

- Бұзылған қақпақшаның бәрін түгел жасанды қақпақшаларын ауыстыра беру емес. Өзінің сол бұрынғы қақпақшаларын сақтап, соған пластикалық операциялар жасау. Оның несі жақсы? Мұндай операция жасалғаннан кейін науқастар дәрі-дәрмекке тәуелді болмайды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу