Қазақстан жер бетінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін 20 мемлекеттің ішінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жер бетінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін 20 мемлекеттің ішінде

05.04.2019

«Қазақстан жер бетінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін 20 мемлекеттің ішінде». Орталық коммункациялар орталығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Честнов осылай деді.

Қазір жаһан жұрты ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде принципін ұстанады. Қант диабеті, қатерлі ісік және жүрек аурулары өлім-жітімнің 70 пайызына себеп екен. Аталған аурулардың таралуына темекі тарту, қозғалысы аз өмір, дұрыс тамақтанбау секілді факторлар әсер етеді.

Мектеп жасындағы балалар құрамында қанты көп сусынға құмар. Жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттау тиісті деңгейде емес. Қатысушылар қозғалыс - денсаулық кепілі екенін тағы бір мәрте еске салды

Олег Честнов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақстандағы өкілі:

Өздерін дамыған елміз деп мақтанатын мемлекеттерде дәрігерге тегін қаралу деген ұғым атымен жоқ. Біздің ойымызша, қолжетімді медицина бүкіл әлемдік тәжірибеге енуі тиіс. Өкінішке орай қазір әлемде 30 мемлекет қана осында тегін медициналық көмек ұсынып отыр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу