Қазақ медициналық қоғамының бастамасымен ашылған нысан 40 балаға арналып отыр. Бұл жерде сал, аутизм және басқа да дертке шалдыққан балдырғандар күндізгі ем-домын қабылдап, балабақшадағыдай уақытын тиімді өткізеді.
Сондай-ақ, бөбектерге логопед сынды басқа да өте қажет деген мамандардың қызметі көрсетіледі. Ал, олардың ата-аналарына да психологиялық, құқықтық қолдау көмек көрсетіледі. Қоғамдық ұйым негізінде ашылған медициналық мекемеге 25 маман жұмысқа алынды.
Мақсат Әбдіқадырұлы, Қазақ медициналық орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
- Әлеуметтік-мәдени, спорт шараларына қатыстырамыз. Психологтар жұмыс істейді. Психологиялық жақтан көмек көрсетіледі. Одан кейін әлеуметтік заңдылықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Ол осы 40 ата-ананың заңды құқығын қорғау үшін кеңес береді. Әрі олардың жалпы қағаздарына көмектеседі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ