Сапалы қызмет көрсету – басты парыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы қызмет көрсету – басты парыз

17.05.2019

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен емдеу мекмелеріне ақы төлеп қана қоймай, оның сапасын да қадағалайды. Атап айтқанда,  көрсетілген қызметтің ақысы мониторинг нәтижесіне қарай төленеді. Соған қарамастан жүктелген міндеттемелерін толығымен орындамайтындар да жетерлік. Ондай жағдайда бөлінген қаржының білгілі бір шегеріледі. Мәселен өткен жылғы тексеріс нәтижесінде 5 млрд 600 млн теңге Қорға кері қайтарылған.  

Қор мәліметінше, мемлекеттік тапсырысты орындайтын емдеу мекемелері көрсеткен қызмет ақысын төлеу барысында мониторинг нәтижесі міндетті түрде ескеріледі.  Бұл - аурухана мен емханалардың халыққа сапалы қызмет көрстеуіне мүмкіндік береді.

Ләззат Шоманова, «МӘМС» қоры «медициналық қызметтің сапасын мониторингілеу» департаментінің аға менеджері:

Медициналдық ұйымда бірінші медициналық лицензиясы болу керек. Сол бойынша ұйымдар жасақталу керек.Сол тізімнен басталады. Егер медициналық аппараттары сол тізімге сай болмаса,  медицианлық сапаның жоғары болуы мүмкін емес.

Тексеріс кезінде медициналық көрсетілімсіз ауруханаға жатқызу, хирургиялық және травматологиялық көмекті лицензияның жоқтығына қарамастан  күндізгі станционарда көрсету, дәрігердің жолдамасынсыз емдеу сынды кемшіліктер анықталған.

Мониторинг нәтижесі ауыл халқына көрсетілетін емдік қызметтің төмендігін анықтаған. Осындай бақылаулар - алыс мекендегі тұрғындардың сапалы ем-шара алуына сеп болмақ. Ал, 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілген қызметтерге ақы төлей бастайды. 

Сәуле Алдамұратқызы

 

Хабарламаларға жазылу