Менингиттен сақ болыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менингиттен сақ болыңыз!

03.06.2019

Менингококк тағы қозды. Осылай дабыл қаққан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бүгін жер-жердегі денсаулық сақтау басқарма басшыларының басын қосты. Себебі маусым айында осы инфекцияның өршитін қауіпті кезі. Өте қатерлі ми ауруы тез жұғады, дер кезінде ем-дом алмаса, соңы өлімге апарады.

Менингококк инфекциясының алғашқы белгілері: бас қатты ауырады, дененің қызуы 39 градустан жоғары болады. Яғни, тұмаудан еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан осы белгілер байқалған жағдайда, дереу дәрігерге көрінген жөн. Осы ретте жауаптылар қазақстандықтарды демалысқа шығарда және көпшілік ортаға барарада сақ болуға шақырды.

Айта өтейік, жыл басталғалы елімізде 28 адам осы инфекцияның шырмауына түскен.

Жандарбек Бекшин, Бас мемлекеттік санитар дәрігер:

- Қазір біздің балаларымыз сауықтыру орталықтарына барып жатыр. Оңтүстік аймақтарда сауықтыру маусымы басталды. Ауырып жатқан балаларды ол жаққа жіберудің қажеті жоқ. Міндетті түрде өз-өзін емдемей, дәрігерге жүгіну қажет.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу