Ерлер арасында белсіздік белең алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлер арасында белсіздік белең алуда

06.06.2019

Қазақстандық ер азаматтар өз денсаулығына немқұрайлы қарайды. Соның кесірінен белсіздік дендеп барады. Елімізде әрбір бесінші еркек бала сүйе алмайтын ауруға шалдыққан. «Қазір алдын алмасақ, кейін бұл қоғам дертіне айналады», - деп дабыл қаққан урологтар елордада бас қосты.

Екі күн бойы шетелдік мамандар өз тәжірибелерімен бөліспек. Мамандар белсіздікке шалдығудың төрт себебін айтады. Ағашқысы - суық тию. Яғни, простатит. Бұрындары бұл кеселге 40-50 жас шамасындағы ер-азаматтар шалдықса, қазір 20-25-тегі жігіттер де зардабын тартып отыр. Екінші себеп – қанның ұйып қалуы. Бұл - бір орында күнұзаққа отыратын ер азаматтарда көп кездеседі. Кеңсе қызметкерлерінің басым бөлігінде белсіздіктің белгілері бар екен. Тағы бірі - инфекциялық жолмен тарайтын аурулар. Жастардың батыстық үлгіде өмір сүруі аурулардың жаңа түрлерінің көбеюіне жол ашып отыр. Төртіншісі– экология. «Әсіресе, мұнай мен уран өндірісінде жұмыс істейтін ер азаматтар экология салдарынан ұрпақсыз қалып жатады», - дейді урологтар.

Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы эндоскопиялық урологтар қоғамының төрағасы:

- Бізде зәр тасы ауруы туралы көбірек айтуға болады. Қазақстанда зәр тасы ауруы жағынан әлемдік деңгейде жоғары тұр.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу