Динара Рахметова 20 жылдан астам уақыт медицина саласында қызмет етіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Рахметова 20 жылдан астам уақыт медицина саласында қызмет етіп келеді

14.06.2019

Дәрігер – құрметті мамандық. Күн сайын емделушілердің өмірі үшін арпалысып, араша түсіп жүрген абзал жандар баршылық.

Солардың бірі теріскейлік Динара Рахметова. 20 жылдан астам медицина саласында еңбек етіп жүрген ол бүгінде перинталдық орталықтың бөлімше меңгерушісі. "Жыл өткен сайын технологиялық тұрғыдан жаңғырып, озық үлгідегі қондырғылармен жарақтандырылған емдеу мекемесінде жұмыс істеудің өзі бар бақыт",- дейді білікті маман.

Динара Рахметова, дәрігер анестизиолог-реанимотолог:

Біздің мемлекетте медицина саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Біздің орталықты ғана айтар болсақ, соңғы жылдары жаңа қондырғылар сатып алынды. Осының арқасында көптеген мүмкіндіктер пайда болды. Ана мен бала денсаулығына ерекше назарда.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу