Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жас дәрігерлер баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жас дәрігерлер баспаналы болды

17.06.2019

Кәсіби мерекеге орай, 32 медицина маманы қызметтік пәтер кілтін алды.

Бес қабатты тұрғын үй бірнеше жыл бойы қаңырап бос тұрған. Кейін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қайта қалпына келтірілген. Сөйтіп, Шахтиск қаласына арнайы шақырумен барған Қарағанды медицина университетінің 2018-2019 жылғы түлектерінің игілігіне берілді.

Мұнда терезелер, есіктер, едендер, кәріз және жылу жүйелері мен электр сымдары толығымен ауыстырылды. Пәтерлер жиһаз, тұрмыстық техникамен жабдықталды. Әр үйде теледидар, қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш және кір жуғыш машиналар бар.

Айта кету керек, Шахтинск қаласында медициналық кадрлардың тапшылығы болған. Қазір жаңа келген жас мамандардың арқасында бұл проблема шешімін тапты.

Айжан Манапова, жас маман:

Міне, бүгін пәтер алып жатырмыз. Мен — дәрігермін. Шахтинск қаласында екі бөлмелі пәтер алып отырмын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу