Қазақстандық дәрігерлер медицина саласына қатысты жаһандық деректерге қол жеткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дәрігерлер медицина саласына қатысты жаһандық деректерге қол жеткізбек

11.07.2019

Денсаулық сақтау министрлігі BMJ деп аталатын шетелдік компаниямен жоғары дәрежедегі медициналық білім беру бастамасын енгізу туралы меморандумға қол қойды.

Құжат «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау» деп аталады. Бұл - Қазақстанда инфекциялық аруларды анықтауды, диагностикалауды және емдеуді жақсартуға бағытталған үш жылдық бағдарлама. Оған дәрігерлер мен медбикелер қатысады. Оқу онлайн әдісімен өтеді. Біз сөзбен айтқанда ол дәрігердің көмекші құралы. Науқасқа диагностика жасаған кезде және емдеу кезінде нақты әрі нәтижелі шешім шығаруға септігін тигізеді. Ең бастысы, ешқайда шығудың қажеті жоқ.

Сәуле Сыдықова, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры:

Бұған дейін дәрігерлер өзінің біліктілігін көтеру үшін бір апта немесе бір айға басқа жаққа оқуға кететін. Ал бұл бойынша қызметкер жұмысында отырып-ақ білімін жетілдіре алады. Бұл мамандардың өз білімін тексеріп, медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болуна жылдам әрі тиімді көмектеседі.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу