Денсаулық сақтау министрінің дәрі-дәрмекке бағаларды реттейтін бұйрығы қабылданып, Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Енді 3 тамыздан бастап құжат күшіне енеді. Яғни бұдан былай дәрі-дәрмек нарығында бірыңғай баға саясаты енгізіледі. Осыған дейін атауы, құрамы, сапасы бірдей болғанымен, препараттардың құны түрлі бағада сатылып келген еді. Дәріханалардағы екі-үш есе баға айырмашылығын жою үшін осы бастама қолға алынған. «Әрі бұл дәрі-дәрмектің бағасын төмендетуге ықпал етеді»,- дейді мамандар.
Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары:
Қазақстандағы заңнамаларға сәйкес 3 тамыздан бастап күшіне енеді. Енді бұл бұйрық күшіне енгенше нарықтағы субъектілеріміз қазіргі бар бағалармен жұмыс істей алады, ал 3 тамыздан кейін жаңа кірістің бәрі осы шекті бағаға байланысты сатуға тиісті.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ