Республиканың батыс және оңтүстік бөлігі 10 наурыз күні антициклонның ықпалында болады, бұл жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Еліміздің қалған аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.
Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында бұрқасын болып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.