Макарон мен ақ нан әйел денсаулығына зиян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Макарон мен ақ нан әйел денсаулығына зиян

02.01.2014
Макарон мен ақ нан әйел денсаулығына зиян
 
Милан Ұлттық институтының зерттеушілері бірқатар ғылыми тәжірибе жүргізіп, ақ нанның әйел денсаулығына зиян келтіретінін дәлелдеді. Бір қызығы, бұл тағам ерлердің ағзасына айтарлықтай әсер етпейді екен, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
 
Зерттеу жүргізу үшін бір топ адам іріктелген. 47 мың ер адам мен әйел ақ нан мен макарон, ұннан жасалған тағамдарды күнделікті жеп отырған.
 
Біраз уақыттан кейін ғалымдар әйелдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының екі есеге артқанын анықтаса,  ер адамдарда бұл байқалмаған.
 
Бұдан шығатын қорытынды, егер нәзік жандылар ұн тағамдарынан бас тартса, артық салмақтан құтылады және жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыға қоймайды.
 
Аталмыш азық-түлікте жоғары гликемикалық индекс байқалады, ол қандағы қант мөлшерінің артуына әкеп соғады. Айта кетсек, екі жасқа дейінгі балаларға ақ нан беруге болмайды, өйткені ол тіс пен көру мүшесіне зиян келтіреді.

Хабарламаларға жазылу