Wi-Fi денсаулыққа зиянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wi-Fi денсаулыққа зиянды

03.01.2014
Wi-Fi денсаулыққа зиянды

Ғалымдар адамзатқа зор пайдасын тигізіп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. Олардың назары енді интернетпен сымсыз байланыстыратын Wi-Fi желісіне түсіпті. Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсаулығына әсерін зерттеді.

Соңғы жылдары техникалық жаңалық болып, адамзаттың қолданысына кеңінен енгізілген Wi-Fi-технологиясының денсаулыққа тигізер зияны да жетіп артылатын көрінеді. Атап айтқанда, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеліп соғады екен. Ал ол өз кезегінде бастың ауруына себеп болады.

Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Ертеңінде балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шаршағандықты байқаған.

Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өзінің бөлме өсімдіктеріне назар аударулары тиіс. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелденді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастаған.

Хабарламаларға жазылу