«Формула-1»-дің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер ешқашан комадан шықпауы мүмкін, дейді оны емдеуші дәрігерлер. Қазір спортшының жағдайы тұрақты болғанмен, халі нашар.
Танымал спортшы бұндай жағдайға 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияда Альпі тауларында ұшыраған. Белгілі болғанындай, М.Шумахер омбы қарға құлап кеткен досының қызына көмектесемін деп төменге түскен. Арнайы жолдың бойынан шығып кеткен қыз балаға жәрдемдесіп, қайта қозғалған кезде ол қар астындағы тастарға соғылған, деп хабарлайды РБК.