Кубаның тұрғындары төңкерістен бері алғаш рет көлікті емін-еркін сатып алуға мүмкіндік алды. Бұрын бұл елде автокөлік алу үшін мемлекеттен арнайы рұқсатқа қол жеткізу керек еді.
Заңға өзгеріс енгізілгенімен, көлік әркімге бұйырмауы мүмкін. Себебі мемлекет темір тұлпарлардың бағасын көтеріп жіберген.
Мысалы, жаңа «Peugeot 508» көлігі 260 мың АҚШ долларына сатылуда. Бұл көліктің өз бағасынан 8 есеге көп. Ал кубалықтардың көпшілігі айына 20 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады.
Ал билік басындағылардың хабарлауынша, көлік сатылымынан түскен қаражат қоғамдық көлік жүйесіне жұмсалады.