Жолақы 50 теңгеден қымбаттамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолақы 50 теңгеден қымбаттамайды

04.01.2014
Жолақы 50 теңгеден қымбаттамайды
 
 
Қарағандыда 4-қаңтардан бастап қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы 50 теңгеден 80 теңгеге дейін көтерілді, алайда кейбір тасымалдаушылар бұрынғы бағаны сақтап қалды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, мұндай шешімді қала билігі шығарған еді.
«Тарифтерді бекіту туралы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ол ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында заңды күшіне енеді. Сонымен қатар 20 желтоқсан күні бізге Жаңа жыл мерекесін тойлауға байланысты жаңа тарифті 4 қаңтардан бастап енгізу туралы ұсыныспен тасымалдаушылардың ұжымдық хаты келіп түсті», - деп түсіндірді өткен жылдың аяғында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бегімов.
 
Қала билігі мен тасымалдаушылар арасындағы меморандумға сәйкес 50 теңгелік жеңілдікті зейнеткерлер, І және ІІ топ мүгедектері, жеңілдіктер бойынша Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар және маусымдық саяжайларға қатынайтын жолаушылар пайдалана алады.
 
Алайда бүгін бірқатар автобустарда жол жүру ақысы бұрынғы қалпында қалды.
«Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары! 2014 жылғы 4 қаңтардан бастап № 01, 02, 3, 05, 06, 07, 011, 012, 014, 23, 28, 29, 30, 31, 66 бағыттардағы автобустардың жол жүру ақысы көтерілмейді, тариф бұрынғыдай 50 теңге болып қалады», - делінген хабарландыруда.

Хабарламаларға жазылу