Путин мен Лукашенко хоккей ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин мен Лукашенко хоккей ойнады

04.01.2014
Путин мен Лукашенко хоккей ойнады
 
Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко Сочидегі «Большой» сарайында хоккей ойнады. Бүл туралы РИА Новости хабарлайды.
 
Қызыл формамен шыққан Путин мен Лукашенко бір командада Ирек Гимаев, Александр Голиков, Николай Макаров, Сергей Макаров, Александр Могильный сынды танымал хоккейшілерге қарсы ойнады.
 
Ал ақ формадағы команданың құрамында Ресей президентінің басқарушысы Владимир Кожин және Құрлықтық хоккей лигасы директорлық кеңесінің жетекшісі, СКА хоккей клубының президенті, бизнесмен Геннадий Тимченко бар.
 
Путин мен Лукашенко командасында сондай-ақ, Вячеслав Фетисов, Павел Буре, Александр Кожевников, Андрей Коваленко, Алексей Гусаров және РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу ойнады.
 
Нәтижесінде президенттер командасы 12:3 есебімен жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу