Полицейлер мен судьялар үшін психиатрды жұмысқа алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер мен судьялар үшін психиатрды жұмысқа алады

05.01.2014
Полицейлер мен судьялар үшін психиатрды жұмысқа алады
 
Британияның 10 аймағындағы соттар мен полиция бөлімшелерінде сынақтық бағдарлама аясында психиатрлар жұмысқа алынбақшы. 41 миллион долларлық бағдарламаның мақсаты – полицейлердің психикалық ауытқушылығы бар сотталушылармен арадағы жұмысын жеңілдету.  
 
Британияның денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, түрмеге түскендердің дені психикалық ауытқуы бар, есірткі пайдаланатын немесе ақыл-ес кемдігі дертінен зардап шегетін адамдар.
 
Бағдарлама Корнуолл қаласында жүзеге асырылуда. Әрі нәтижесі де жаман емес. Жүйкесі зақымданған адамдардың екінші қайтара қылмыс жасауы 49 пайызға кеміген. Соңғы мәліметтерге қарағанды полицейлер 15-25 пайыз уақыттарын дәл осындай жүйкесі жұқарған адамдармен өткізген.
 
Бағдарлама сәтті жүзеге асар болса, 2017 жылы оны бүкіл ел бойынша қолданысқа енгізбекші.

Хабарламаларға жазылу