Волгоградта лаңкестік салдарынан зардап шеккен тоғыз адам ауруханадан шықты, олар амбулаторлық режимде дәрігерлердің бақылауында болады, деп жазады НТВ.
Қазір облыстық стационарларда 39 адам жатыр, оның 36-сының жағдайы қанағаттанарлық, екеуі ауыр халде, біреуінің жағдайы орташа, деп хабарлайды «Интерфакс».
Мәскеуге жөнелтілген тағы 22 жаралы адам астаналық ауруханада ем қабылдауда. Оның 13-і науқастар палатасына көшірілді, қалған тоғызы әлі жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде 9 жасар және 3 айлық екі қыз бар. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқастың жағдайы қалыпты.