Бокстан екі дүркін Әлем чемпионы жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан екі дүркін Әлем чемпионы жараланды

06.01.2014
Бокстан екі дүркін Әлем чемпионы жараланды
Кубада әуесқойлар арасындағы бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қастандық жасалды.
 
Белгісіз біреулер 24 жастағы спортшыға Камагуэе қаласындағы спорт клубынан шығып келе жатқан кезде оқ атқан. Оқ боксшының сол жақ қабырғасын жарақаттаған. Қылмыскердің ұсталғаны және оның не себепті осындай қылмысқа барғаны туралы ақпараттар әзірге жоқ.
 
Ла Крус Кубадағы ең үздік боксшы санатында, ол - 2011 және 2013 жылдардағы Әлем чемпионы. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Куба құрамасының белді мүшесі, деп жазады «Новые известия».

Хабарламаларға жазылу