7-9 қаңтарда қысқы демалыс кезінде «Астана Опера» театрының камералық залында елорда оқушыларына кемеңгер композитор Сергей Прокофьевтің балаларға арналған «Петя және қасқыр» атты әйгілі симфониялық ертегісі қойылады. Бұл туралы astana.kz сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Петя және қасқыр» симфониялық ертегісі әлемдегі ең көп орындалатын музыкалық туындылардың бірі. Аталған жобаның басты жаңалығы - ертегі алғаш рет қазақшаға аударылып отыр.
Аударма авторы - Жоламан Тұрсынбаев. Ертегіні «Астана Операның» шағын симфониялық оркестрі орындайды, мәтінді оқитындар: Төлеген Назарбеков, Сәуле Мәулетова, Маржан Жәкенова. Спектакль дирижерлері - Руслан Баймұрзин, Рақымжан Баспаев.