Адам миының қартаюы бұрындары 60 жас деп есептеліп келсе, енді 45 жас екендігі анықталып отыр.
Лондонның Университеттік колледжінің ғалымдары жаңа зерттеулердің негізінде осындай шешімге келді.
10 жылдық зерттеуге 45-70 жас аралығындағы 7 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлады Comments. Тәжірибе барысында олар жүйелі түрде тест тапсырып, өздерінің еске сақтау қабілеттерін, сөздік қорын тексерген.
Нәтижелер сараптамасы адамның ақыл-ойының қабілеті 45-49 жаста-ақ 3,6 пайызға төмендейтінін көрсеткен. Жас ұлғайған сайын бұл үдеріс ұлғая түседі.
65-70 жаста адамның ақыл-ой қабілеті ер адамдарда 9,6 пайызға, әйелдерде 7,4 пайызға кемиді.