«Кітапты безендіру – бейнелеу өнеріндегі ең қиын сала» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кітапты безендіру – бейнелеу өнеріндегі ең қиын сала»

07.01.2014
«Кітапты безендіру – бейнелеу өнеріндегі ең қиын сала»
График-суретші, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» орденінің иегері - Хасен Сейілханұлы «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.
 
Жақында «Парасат» орденін иеленген суретші: «Бұл марапат әр суретшінің жасаған еңбегінің нәтижесі, соны халықтың бағалағаны. Әрине, бұл бізге еселеп шабыт береді. Бізге де керегі сол»,-дейді.
 
Осы кезге дейін 500-ге жуық кітапты безендірген ол: «Кітапты безендіру – бейнелеу өнеріндегі ең қиын сала. Өйткені, кітапты түгелдей оқып шығу керек. Сол заманды, сол дәуірді оқу керек. Әр дәуірдің өзінің эталоны болады. Соның бәрін сіңіріп барып, сурет саласың. Бұл өте қызық»,-дейді.
 
Суретшінің қызықты сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу