Жылқы – тектілік символы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылқы – тектілік символы

08.01.2014
Жылқы – тектілік символы
Қазақ жылқыны төрт түліктің төресі дейді. Жеті қазынаның біріне балайды. Жылқы – тектілік символы саналады.  Қазақ жылқыны сол үшін қадір тұтады.
 
Сонымен қатар, жылқының алғаш қазақ жерінде қолға үйретілгені дәлелденген. Оған теріскейдегі Ботай қонысынан табылған мәліметтер мен жәдігерлер куә.
 
Археологтар тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жылқы өсірушілер мен үйретушілер қазақ жерінде болғанын анықтап отыр. Ата-бабадан қалған өнерді халқымыз атбегілікпен жалғады.
 
Қазақтың жыр-дастандарында да жылқыға аса мән беріледі. Жалпы, жылқы бітімі бөлек жануар. Қазақ ғасырлар бойы аттың жүйрігін, мықтысын сұрыптап, ерекше күтімге алған.
 
Мысалы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қара қасқасы, Қабанбайдың Құбасы, Ақан Серінің Құлагері, Бұғыбайдың Қара серкесі, Наурызбайдың Ақазуы, Исатайдың Ақтабаны сынды тұлпарлар – жылқының ер жігіттің сенімді серігі бола алатынына дәлел. 

Хабарламаларға жазылу