Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында көшеден табылған үш баланың анасын анықтаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.
Салтанат Қаракөзованың айтуынша, үш баланың анасы 1992 жылы туған, жеңіл жүрісті әйел көрінеді. Қазір оның нақты қайда екендігі анықталуда. Ұсталғанан кейін, ол ата-ана құқынан айырылуы мүмкін. Егер солай болған жағдайда, үш бала балалар үйіне орналастырылады.
Айта кетейік, Шымкентте белгісіз біреулер кәмелетке толмаған үш баланы көшеде қалдырып кеткен еді. Оларды «Қайтпас-1» шағын ауданының тұрғыны Фарида Сариева үйінің маңынан тауып алған. Балардың үлкені Керемет - 3 жаста. Мирас - 1 жаста, ал Кәусар тоғыз айлық.