Алматы қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының салтанатты ашылу рәсіміне әлемге аты әйгілі шахматшылардың бірі - Анатолий Карпов қатысты.
Ашылу салтанатынан соң Анатолий Карпов пен Жансая Әбдімәлік өзара төрт партиядан тұратын кездесу өткізіп, оның екеуінде Карпов жеңіске жетіп, бір ойын тең аяқталып, біреуінде Жансая ұтты.
Айта кетсек, Анатолий Карпов шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы. 1970 жылдан бері халықаралық гроссмейстер атағының иегері. Ол 1975, 1978 және 1981 жылдары әлем чемпионаттарында топ жарған. 1993, 1996, 1998 жылдары ФИДЕ аясында өткен әлем чемпионаттарының жеңімпазы, КСРО құрамында 1985, 1989 жылдары әлем чемпионы атанған. Үш дүркін КСРО чемпионы (1976, 1983, 1988).
Жансая Әбдімәлік 2011-ші жылдан бері шахматтан халықаралық спорт шебері. 2013 жылы Қазақстандағы «Жыл спортшысы» атанды.
vesti.kz