Жаңажылдық үзілістен кейін Дүниежүзілік бокс сериясының жекпе-жектері жалғасын тапты.
Дәл қазір «Astana Arlans» командасы Польшаның «Poland Hussars»пен командасымен бәсекеге түсуде. Польшаның Вышкув қаласында болып жатқан бокс кешінде шаршы алаңға алдымен 49 келідегі боксшылар көтерілді. Бұл салмақта ел намысын Мардан Берікбаев қорғады.
23 жастағы қазақстандық боксшы WSB аясындағы алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Хосе Альберто Салета Рейесті ұтқан еді. Бүгінгі жекпе-жекте Мардан Берікбаев Польша боксшысы Давид Ягодзиньскиден басым түсіп, бапкерлер сенімін ақтады.