Кәуап денсаулыққа зиянды - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәуап денсаулыққа зиянды - ғалымдар

11.01.2014
Кәуап денсаулыққа зиянды - ғалымдар

Мангалда дайындалған кәуап пен кебаб адам денсаулығы үшін зиянды, деп жазады ИТАР-ТАСС. Зерттеу нәтижесі ашық отта және мангалда дайындалған ет құрамында адамның ағзасына автокөліктің газы сияқты кері әсер ететін зиянды заттар бар екендігін көрсеткен.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, шетел ғалымдары, сонымен бірге ирандық зерттеушілер ағаш отынмен жанған отта қуырылған етте болатын процестерге зертхана тәжірибесі мен компьютерлік модельдеу жүргізілген.

Зерттеушілердің айтуынша, қуырылған мұндай ет құрамындағы түтінде бар қауіпті қоспа адам ДНК-сының мутациялануын ұлғайтуы мүмкін. Бұл қатерлі ісік ауруларының пайда болуына алып келуі де ғажап емес. Тіпті мангалда пісірілген еттің түтінінің өзі темекі тартқанмен бірдей әсер ететінін біреу білсе, біреу білмейді.

Хабарламаларға жазылу