Ағымдағы жылдың қаңтар айынан Өскеменде жылумен қамту орташа есеппен алғанда 12 пайызға қымбаттады. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ШҚО бойынша департаменті «Өскемен жылу желілерінің» жаңа тарифін бекітті.
Осылайша тұрғындар үшін жылудың құны 8 пайызға, ал өзге тұтынушылар үшін 16 пайызға өсті. Тариф кіші қазандықтар үшін көмірдің қымбаттауына, осы жылы инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асуына, жалақының көтерілуіне, сонымен қатар жылу желілері қорына жаңа мүліктік нысандардың өтуіне байланысты өзгерген.