Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры 1926 жылы 13 қаңтарда Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы мен халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен ашылды. Биыл театрға – 88 жыл.
Осы атаулы күнге орай Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Алдағы уақытта Шекспирдің «Отеллосын» ұсынбақпыз. Оны Ресейден келген Надежка Пушкина деген режиссер қояды. Сонда Отеллоны сомдаймын»,-дейді ол.
Кино мен театр сахнасында қатар жүрген актер: «Театрда адамның қуанғанын, қайғырғанын, ғашық болғанын тірідей көре аласыз. Ал кино – бөлек өмір. Бір түсірілімді бірнеше дубль жасап, қайталай аласыз. Театрда ондай жоқ. Театрда мүлт кетуге, көрерменнің алдында қате жіберуге хақыңыз жоқ», - дейді.