«Аралтұз» кәсіпорыны тәулігіне 430 тонна тұз дайындайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аралтұз» кәсіпорыны тәулігіне 430 тонна тұз дайындайды

15.04.2015
«Аралтұз» кәсіпорыны тәулігіне 430 тонна тұз дайындайды

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Үкімет басшысының орынбасары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Алғашқы нысан «Аралтұз» кәсіпорыны - өндірісін өркендеткен үлкен ұжым. Бір ауылдың тұрғындарын толықтай жұмыспен қамтып отыр.

800 адам тәулігіне 430 тонна тұз дайындайды.  

Шикізат қоры жеткілікті болғандықтан, алдағы уақытта кәсіпорын жұмыс ауқымын онан әрі ұлғайтуды жоспарлауда.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу