Ұлттық арнада - жаңа телехикая. Бүгін телеарна көрермендеріне отандық жаңа телхикаяның алғашқы бөлімін ұсынады. 48 бөлімнен тұратын мелодраманың ұзақтығы - 42 минут. Алғашқы бөлімінде басты кейіпкер Сырғалымның қаладағы әкесінің досының үйіне келуімен басталады.
Жантөренің үйі кең, кең бола тұра тар. Себебі, көңіл тар. Қазақы тәрбиемен бойжеткен Сырғалымның мұндай ортаға үйренісуі қиынға соғады.
Алайда, ауылдан келген қарапайым қыз бастапқыда әртүрлі жағымсыз жағдайларға куә болса да, кейіннен бұл қиындықтардың шешімін табуға өз белді бекем буып кіріседі.