Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров жол-көлік апатына түсті, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».
Сәрсенбі күні кешқұрым Жезқазған-Петропавлск тас жолының 951 шақырымында аймақ басшысы мінген «Mercedes-Benz» өзге жеңіл көлікпен соқтығысып қалған, деп хабарлаған облыстың Ішкі істер департаменті.
Полицияның хабарлауынша, Самат Ескендіров зардап шекпеген, ал «Lada Priora» көлігінің жолаушысы жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Сараптама қорытындысы екі көліктің жүргізушісі де ішімдік ішпегені анықталған.