Алкоголь өндіретін кәсіпорындар акциз төлемеуді әдетке айналдырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алкоголь өндіретін кәсіпорындар акциз төлемеуді әдетке айналдырған

20.04.2015
Алкоголь өндіретін кәсіпорындар акциз төлемеуді әдетке айналдырған

Алкогольдік өнімдер шығару бизнесінде «көлеңкелі» экономика кең етек алған.

Бұл жөнінде Көкшетауда өткен Ақмола облысы кәсіпкерлерінің аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысында мәселе көтерілді.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары өздерін алаңдатқан бірқатар мәселелерді жеткізді. Мәселен, алкоголь өндіретін кәсіпорындар акциз төлемеуді әдетке айналдырған.

Жиынға қатысқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев өңірде ауылшаруашылығы кешенін, туризм саласын және құрылыс индустриясын дамыту бағытында жұмыстар атқарылуы керектігін атап өтті.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу