Бүгін Ақтауда «BOLASHAKFILM» шығармашылық бірлестігі мен жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының бірлескен жобасы балаларға арналған «Балаша» тележурналының таныстырылымы өтті.
Жобада қазақстандық киножұлдыз Ерболат Тоғызақов пен Фархат Ибраимов ойнайды.
Фильмге мұндай атауды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ұсынған.
Жобаның мақсаты – дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Туынды авторлары 12 қысқаметражды фильм әзірлеген. Бұл – солардың ішіндегі алғашқы республикалық эксперименттік жоба.
Айта кетейік, «BOLASHAKFILM» шығармашылық бірлестігінің бас директоры Эдуард Табишев «Болашақ» бағдарламасының түлегі.