Астанада «Еуразияның көліктік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты халықаралық конференция өтті.
Шараны Стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған. Жиында сөз алған сарапшылар Қазақстанды Азия мен Еуропаны жалғайтын «көліктік көпір» деп атап өтті.
«Қазақстанның логистикалық тасымалдау саласындағы потенциалы өте жоғары. Біріншіден, елдің ішкі жағдайы тұрақты.
Екіншіден, экономикасы дамып келеді. Бүгінгідей шаралар ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізері сөзсіз», дейді Шығыс Еуропа институты директорының орынбасары Сунь Ли.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ