Тұшпараға у сепкен қытайлық өмір бойы бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұшпараға у сепкен қытайлық өмір бойы бас бостандығынан айырылды

20.01.2014
Тұшпараға у сепкен қытайлық өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Қытай соты азық-түлік комбинатының бұрынғы жұмысшысын өмір бойы бас бостандығынан айырды. Ол 2008 жылы тұшпараны пестицидтермен улаған.
 
Лу Юэтин тұшпараға улы заттар қосу арқылы жалақының аздығына наразылығын білдірген.
 
Нәтижесінде Жапонияға экспортталған тұшпараның бірнеше қорабы зиянды деп танылған. Соның салдарынан Жапония 10 адам, Қытайда 4 адам уланды.

Хабарламаларға жазылу