Қытайлықтар ғаламторға бейнероликтерді жеке куәлігі арқылы ғана салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлықтар ғаламторға бейнероликтерді жеке куәлігі арқылы ғана салады

22.01.2014
Қытайлықтар ғаламторға бейнероликтерді жеке куәлігі арқылы ғана салады
Қытайдағы ғаламторды пайдаланушылар елдің бейнематериалдар сервистерінде нақты аты-жөндері бойынша тіркелуге міндетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Енді олар елдегі ғаламтор ресурсына бейнеролик қосу үшін пайдаланушы сайт әкімшісіне жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы тиіс.
 
Билік өкілдері мұндай шектеудің ғаламторда қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, қоғам үшін қауіп тудыратын ақпараттың таралуына жол бермеу үшін енгізіліп отырғандығын айтады.
 
Айта кетейік, Қытайда ғаламтор желісіне бейнематериалдарды салу мен оны сақтау қызметі аса танымал. Оған Қытай үкіметінің әлемдегі ірі YouTubе бейнесервисіне кіруге тосқауыл қоюы себеп болып отыр.

Хабарламаларға жазылу