Қазақ шебері ойландыратын ойыншықтар жасауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ шебері ойландыратын ойыншықтар жасауда

22.01.2014
Қазақ шебері ойландыратын ойыншықтар жасауда
 

Сәбидің серігі саналатын ойыншықтар оның сана-сезіміне үлкен әсер етеді. Қазіргі таңда балаға ұлттық тәрбие беретін ойыншық жасап, бүлдіршіндердің қуанышына бөленіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – Сәкен Болыс.

 
Ол «Жеті ойыншық» жобасын құрастырып, төл ойыншықтарымызды заманауи үлгіде жаңғыртып жүр.
 
«Еліміздің блдіршіндеріне жан-жақтан ағылып келіп жатқан ойыншықтардың орнына ұлттық нақышы бар, өзімізге тән дүниелерді ұсынсақ деген мақсатпен жасалып жатқан шаруа. Құрастырылмалы, таза, табиғи. Ағаштан жасалған. Бұл баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық құндылықтарды бала жасынан танып, зердесіне тоқып, тәрбиеленуіне керекті дүниелер»,-дейді шебер.
 
«Мысалы, «Керемет домбыра» деген ойыншық бар. Оны сәби:  
«Шебер бала боламын,
Таудай менің талабым.
Домбыраны енді мен,
Өзім құрап аламын.
Екі тұғыл арасын шанақтармен жалғаймын,
Онан соңғы жұмысты бет тақтайға арнаймын», деп өлеңдете отырып, құрап ала алады. Ойнай жүріп, ойландыратын ойыншықтар»,-дейді Сәкен Болыс.

Хабарламаларға жазылу