Танымал кескіндемеші Өмірбек Жұманиязов «Таңшолпанда» қонақта. Жақында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген кескіндемеші: «Бұл марапаттың мен үшін маңызы зор. Мұның өзінің қуанышы да, артар салмағы да бар»,-дейді.
«Суретшілер одағының 80 жылдығына орай қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш суретші - Ләтипа Қожықова портретін салдым. Өзім бұрыннан 18-19 ғасырлардағы орыс суретшілерінің картиналарындай туынды жазғым келіп жүрген. Бұл портретке керекті дүниелердің барлығын Мәскеуден арнайы алдырдым»,-дейді суретші.