Алматының оңтүстік батысында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының оңтүстік батысында жер сілкінді

22.01.2014
Алматының оңтүстік батысында жер сілкінді
Бүгін Алматы маңында жергілікті уақыты бойынша түнгі 03:00-де жер сілкінісі тіркелді.
 
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 175 шақырым жерде Қырғызстан аумағында екені анықталды.
Магнитудасы - MPV 4.5.
 
Алматы қаласында жер сілкінісінің сезілгені туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Хабарламаларға жазылу